Ссылки доступа

Тәжікстанда азапталғандар ішкі істер министрлігінен өтемақы талап етті


Хасан Ёдгоров
Хасан Ёдгоров

Хасан Ёдгоров отбасы Тәжікстан ішкі істер министрлігінен 400 мың сомони өтемақы талап етті. 2017 жылы құқық қорғау органдарының үш қызметкері оны азаптау арқылы жасаған қылмысты мойындатуға тырысқан.

Адам құқықтарын қорғаушы Гүлчехра Холматованың айтуынша, милицияда азапталған азаматтың денсаулығы нашарлаған. Сол себепті ол ішкі істер министрлігінен материалдық және моральдық өтемақы талап етіп отыр. Жәбірленуші Душанбе қаласындағы Исмоили Сомони ауданының сотына арызданды.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұсратулло Махмадзода министрлік әзірге ресми хабар алмағанын айтты.

Тұрсұнзаде қаласының тұрғыны Хасан Ёдгоров 2017 жылы сегіз ай тергеу изоляторында отырып шықты. Ол кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынған. Күдіктіні қылмыскер қолға түскеннен кейін босатты.

Хасанның анасы Шарофат Назриқұлованың айтуынша, ұлының денесінде азаптаудан тыртықтар қалып қойған. "Оның тобығына ота жасату керек. Оның үстіне, ұлым ауыр демалады. Балам тергеушілер басынан ұрғанын айтты. Ұзақ уақыт емделуі керек", - дейді ана.

Тәжікстан Жоғарғы соты былтыр 17 маусымда милицияның үш қызметкерін кісі азаптады деп танып, үшеуін де ұзақ жылдарға түрмеге отырғызды.

XS
SM
MD
LG