Ссылки доступа

Шетелде қалып қойған түркіменстандықтар Өзбекстан арқылы елге оралады


Farap serhet geçelgesi. Arhiw suraty.

Азатлык радиосы тілшісінің хабарлауынша, 1 сәуірде Өзбекстанның Фарап шекара бекеті арқылы 127 түркімен азаматы елге оралды.

Тілші мәліметінше, елге оралған түркіменстандықтар Фарап этрапындағы карантин аймағына орналасқан.

Жергілікті заңдарға сәйкес, шетелден оралған азаматтар коронавирус індетіне байланысты енгізілген шектеу ережелерін сақтауы тиіс.

Азатлык тілшісінің хабарлауынша, Өзбекстанда мыңдаған түркімен азаматы Түркіменстан билігінің елге оралу жөніндегі рұқсатын күтіп жүр. Олар Өзбекстанға Түркиядан, Ресейден келген.

Түркіменстан билігі елге оралғысы келетін азаматтардың мәліметтерін жіті тексеріп жатыр, дейді тілші. Олар үкіметке қарсы қозғалыстарға қосылғандарды анықтауға күш салады.

2020 жылы Түркіменстан билігі енгізген шектеулерге байланысты мыңдаған түркімен азаматы елге орала алмай жүр. Олар шетелде қалған азаматтарды елге қайтаруға күш салмаған билікті сынап отыр.

XS
SM
MD
LG