Ссылки доступа

Еуроодақ мемлекеттері ресейлік дипломаттарды елден шығарып жатыр


Посольство России в Берлине
Посольство России в Берлине

Германия Ресейдің Берлиндегі елшілігінің 40 қызметкерін персона нон грата деп жариялады. Олардың бәрі Германия аумағынан кетуі тиіс.

Германия сыртқы істер министрі Анналена Бербок "қара тізімдегі" қырық дипломат "күнде еркіндікке қарсы және қоғамға іріткі салу үшін жұмыс істеді" деп мәлімдеді.

Бербок Киевтің шетіндегі Буча қаласы көшелерінде түсірілген суреттерге қарап, ресейлік басшылық украиндықтарға өте қатты қатыгездік жасады деді.

СІМ басшысы Мәскеуге қатысты санкциялар қатая түсетінін, украин армиясын қолдай беретінін, НАТО-ның шығыс бағытын нығайтатынын мәлімдеді.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова 40 дипломатты Германиядан шығару шешімін жауапсыз қалдырмайтынын айтты. Германияда 104 ресейлік дипломат аккредитация алған.

XS
SM
MD
LG