Ресми мәлімет бойынша, өсімдіктің бұл түрі Сұрхандария облысындағы Байсун тауынан табылған. Өсімдікке Ranunculus tojibaevii деген атау берілген.
"Өзбекстанда табылған жаңа флора Ranunculus тұқымына жатады, бұл 1941 жылы анықталған. Сол кезде өсімдікке Ranunculus vvedenskyi деген ат берілген", - делінген хабарламада.
Өсімдіктің жаңа түрі жөнінде PhytoKeys ботаникалық журналында жарық көрді.
2021 жылдың мамыр айында өзбек ғылыми экспедициясы Ферғана облысындағы Қырғызстанмен шекаралас аймағында ғылымда осыған дейін белгісіз болған жабайы жуаның жаңа түрін тапқан.