Ссылки доступа

Қазақстанда Украинадағы соғыс салдарынан дәрі-дәрмек қымбаттап жатыр (видео)


Война в Украине может привести к подорожанию лекарств в Казахстане
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:44 0:00

Украинада жүріп жатқан соғыс салдарынан Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттап жатыр. Қазақстанның тәуелсіз дәріханалар қауымдастығы елде дәрі-дәрмек тапшы болуы мүмкін деп дабыл қағады.

Қазақстанның фармацевтикалық нарығы Ресей мен Украинаға тәуелді. Былтыр 21 мың тонна дәрі-дәрмек импортталған. Оның үштен бірі Ресейден әкелінген.

Тұрғындар да бағаның бірден өскенін байқайды.

"Мен осыған дейін бір дәріні алты мың теңгеге алып келдім. Қазір ол сегіз жарым мың теңге тұрады", – дейді қария.

Қазақстан билігі қазір еуропалық дәрі өндірушілер импортын көбейтуді қарастырып жатыр.

"Қазақстанда дәрі-дәрмекті сатып алмас бұрын, оны алдымен денсаулық сақтау министрлігінде тіркеуден өткізу керек. Оны тіркеген соң, дәрі-дәрмектің бір партиясы келеді. Ол сертификациядан өтеді. Бір препаратты тіркеуден өткізу үшін кемінде 1,5-2 жыл кетеді", – дейді Қазақстанның тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының жетекшісі Талғат Омаров.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі болса, тапшылыққа жол бермейміз, өзіміздің өндірісті көбейтеміз дейді. Германия, Италия және Швейцарияның өндірушілері үшін тіркеуден өткізу тәртібін жеңілдетуге әзір. Бірақ қазақ билігі бағаны түсіру керек деген талап қойып отыр.

Украинаның бірқатар фармацевтикалық компаниялары соғыс жүріп жатқанына қарамастан, қазақ нарығына дәрі-дәрмекті жеткізуді тоқтатпаймыз деп отыр.

XS
SM
MD
LG