Ссылки доступа

Қырғызстанда білім саласы қызметкерлерінің айлығы көбейеді


Қаржы министрлігі әлеуметтік сала қызметкерлерінің айлығын көтеру бойынша жасалынып жатқан шаруаның есебін жариялады. 

Ақпаратқа қарағанда, білім және ғылым беру тармағына 18,5 миллиард сом бөлінеді. Мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілерінің негізгі айлығы 80 пайызға, жоғарғы оқу орындары оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерінікі 50 пайызға көбейеді.

5,5 миллиард сомға жуық қаражат медицина қызметкерлерінің қорын жақсартуға бөлінеді. Оның аясында барлық қызметкерлердің айлығы 50 % көтеріледі.

Мәдениет және әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің айлығы 100 пайызға көбейеді. Бұл үшін 2 миллиард сом бөлінген.

Қырғыз билігі 1 шілдеден бастап балалардың жөргек пұлын көбейтуді де жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG