Ссылки доступа

Өзбекстанның Жоғарғы соты блогер Отабек Сатториге шығарған үкімді күшінде қалдырды 


Өзбекстанның Жоғарғы соты Отабек Сатторидің ісін қарады деп хабарлайды мекеменің баспасөз хатшысы Азиз Обидов.

Оның сөзінше, Жоғарғы сот блогер Отабек Сатториге қатысты Музрабат аудандық соты мен Самарқанд облыстық сотының үкімін күшінде қалдырған.

Саттори ісіне байланысты үкімнің күшін жою жөніндегі апелляциялық шағым қанағаттандырылмады.

2021 жылдың мамыр айында Музрабат аудандық соты 40 жастағы Отабек Сатториді Қылмыстық кодекстің "ірі көлемде ақшаға бопсалау", "жала жабу" баптары бойынша айыпты деп танып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Отабек Саттори Telegram және YouTubе каналдарында "Халк фикри" ("Халық пікірі") парақшасының авторы ретінде танымал. Ол билікті ашық сынап келген.

Халықаралық "Хьюман Райтс Вотч" және "Шекарасыз тілшілер" секілді құқық қорғау ұйымдары Отабек Сатториге шығарылған үкімді айыптап, өзбек билігін оны тез арада босатуға шақырған.

XS
SM
MD
LG