Ссылки доступа

Қырғызстан шетелден келетін IT- мамандарға тиімді орта қалыптастырмақ 


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ақпараттық-байланыс технологиясы саласында білімі бар шетел азаматтарын елде тіркеуді жеңілдететін жүйе әзірлеуді тапсырды.

Былайша айтқанда, IT-мамандарға онлайн өтінішпен виза беруді қарастыруды тапсырған. Бұл елге инвесторларды тартып, жаңа кәсіп ашып, инновациялық жобаларды дамытуға себеп болады деп атап өткен қырғыз президенті.

Осының алдында шетелдік IT-мамандарға виза беруді жеңілдетеміз деген Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаров.

"Қазір Ресейден IT-мамандар көптеп келіп жатыр. Біз оларға жеке кәсібін ашуға көмектесеміз, жағдай жасаймыз", - деген ол.

Ресей Украинаға басқыншылық жасағаннан кейін, Батыс елдерінің санкцияларынан соң мыңдаған ресейліктер шетелге кетіп жатыр. БАҚ мәліметінше, кетіп жатқандардың дені IT-мамандар.

XS
SM
MD
LG