Ссылки доступа

Бухаресте жеңіл көлік Ресей елшілігінің қақпасын кесіп өтті 


6 сәуірде ертеңгісін Ресейдің Бухарестегі елшілігінің қақпасын жеңіл көлік кесіп, өртеніп кетті.

Жергілікті полиция көлік жүргізушісі қаза болғанын мәлімдеді.

Digi24 телеканалы дереккөзіне сүйеніп, жүргізуші бұл оқиғаға саналы түрде барғанын хабарлайды. Ақпаратқа қарағанда, Ресейдің Украинадағы агрессиясын тоқтату талабымен өткен акциялардан кейін елшіліктің алдында орнатылған қоршауды бұзып, қақпаны кесіп өткен. Одан кейін күзетші оның кетуін талап еткенде, жүргізуші дауыстап айқайлап, өзін өртеп жіберген.

G4media басылымы ол адамның аты-жөні Богдан Драгич екенін, ол әлеуметтік желілерде украиндерді қолдап, мәлімдеме жасағанын хабарлайды. "Мен де украинмын! Қанды соғыс аяқталғанға дейін бәріміз өзімізді украин деп есептесек жақсы болмақ!", – деп жазған ол.

XS
SM
MD
LG