Мекеме мәліметіне қарағанда, 1 сәуірде Мәскеудегі компаниялардың бірінде екі қызметкер арасында дау шыққан. Кейін оған басқа жұмысшылар қосылып, жаппай төбелеске ұласқан.
"Агенттіктің Мәскеудегі кеңсесі Өзбекстанның елшілігімен бірлесіп, бұл мәселені тиісті органдар арқылы шешуге әрекет жасап жатыр", - деп жазылған мекеме мәліметінде.
Осыған дейін әлеуметтік желілерде Мәскеудегі "Сердце Столицы" құрылыс нысанында мигранттар арасында жаппай төбелес болып, полиция 125 адамды қамауға алды деген хабар тараған.