Ссылки доступа

Тәжікстанда мемлекеттік айыптаушы блогердің анасын 7 жылға соттауды сұрады  


Шохида Мамаджонова
Шохида Мамаджонова

Мемлекеттік айыптаушы Тәжікстанда тыйым салынған "Группа 24" тобымен байланысы болды деп айыпталып жатқан Шохида Мамажонованы жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Бұл іс бойынша алғашқы отырыс 7 сәуірде Душанбенің Исмоили Сомони аудандық сотында басталды. Оған Озоди радиосының журналистері кіргізілмеді.

Сотта прокурорлар Мамажонованың өлкеде тыйым салынған "Группа 24" тобы мен "Исламның қайта жаңғыруы" партиясының идеяларын қолдағанын айтты.

"Ол блогер ұлының YouTube каналындағы видеосына "Ислох+" деген пікір қалдырған. Бұл белгі Тәжікстанның конституциялық құрылымына қарсы бағытталған. Бұдан бөлек 2021жылдың мамыр айында YouTube’та үкіметке қарсы екі пікір жазса, президент күні атап өтілетін 16 қарашада мемлекет басшысын сынаған пікір қалдырған", - деді прокурор.

Сотта Мамажонова "өзін кінәлі деп санайтынын, істеген ісіне өкінетінін" айтқан.

"2021 жылдың маусым айында әскери бөлімде жұмыс істейтін інім қызметінен алынды. Оқу жылының басында ол балаларына киім-кешек сатып ала алмағанын көріп, YouTube'ға билікті сынап, екі пікір жазып жібердім", - деді айыпталушы.

Мамажонованың адвокаты ол кінәсін мойнына алды деп, жеңіл жаза беруін сұрады.

Шохида Мамажонованың Германияда тұратын блогер ұлы Шерзод билікті ашық сынап келген. Ол анасы өзінің белсенділігі үшін қысым көріп жатыр деп есептейді.

XS
SM
MD
LG