Ссылки доступа

Қырғызстанның Ұлттық банкі валюта нарығындағы жағдайды түсіндірді 


Қырғызстанның Ұлттық банкі валюта жағдайындағы нарықты түсіндіріп, "салыстырмалы түрде тұрақты" деп атап өтті. 

"Қазір сыртқы факторлардың әсерінен шетел валюталарға сұраныс артып тұр. Бұл әрине енді не болады деп алаңдаған психологиялық фактор", – делінген Ұлттық банк мәлімдемесінде.

Жыл басынан бері доллар бағамы 84,8 сомнан 85,7 сомға қымбаттаған.

"Ішкі сұранысқа байланысты валюта бағамы нарыққа сәйкес еркін өзгеріп отырады. Егер күрт өзгерген жағдайда, Ұлттық банк жедел араласып, тиісті шаралар қолданады", – деп атап өткен Ұлттық банк.

Ұлттық банк халықаралық қорында 2 млрд 626 млн доллар бар екенін, бұл 6 айғы импорттық тауарлардың көлемі мен елдің қызметін жаба алады дейді.

Жыл басынан бері Ұлттық банк екі рет интервенция жасап, жалпы 19,9 млн доллар сатып алған.

Ресей Украинаға басқыншылық жасағаннан кейін, доллар бағамы бірден өсіп, 85 сомнан 106 сомға жетті. Кейін қайта арзандап, 7 процентке түсті.

XS
SM
MD
LG