Ссылки доступа

Өзбекстанда мемлекеттік активтер президентке жақын компанияларға беріліп жатыр  


Өзбекстанда жарияланған құжаттарға сәйкес, елде ең ірі зауыттардың бірі болған Өзбек металлургиялық  комбинатының (Узметкомбинат) активтері үкіметке жақын компанияларға беріліп жатыр.  

Бұл процесс 2021 жылы Шавкат Мирзияев қол қойған мемлекеттік үлесі бар ірі және шағын кәсіпорындарды жекешелендіру жөніндегі жарлығына сәйкес жүріп жатыр.

Қазіргі таңда биржада нарық бағасымен ғана сатылуы тиіс зауыттың тауар өнімдері Бахтиёр Фозиловқа тиесілі компанияларға арзан бағамен сатылып жатыр. Ашық бұлақтардағы мәліметке қарағанда, ол компанияларға жасырын келісім негізінде қожайын болған.

Зауыт мүліктері президенттің жарлығына сәйкес, сатылымға қойылған. Ресми бұлақтарда аукцион қандай талаптармен өткені, кімдер қатысқаны жөнінде мәлімет жоқ.

Оздолик радиосы жүргізілген зерттеуге қарағанда, алты гектар жері бар “Узметкомбинат” 74 миллиард сумға (6.9 миллион доллар) Мирзияевтың күйеу баласы Отабек Умаровқа қатысы бар компанияға берілген.

2021 жылы Ташкенттегі ірі құрылысшылардың бірі Мурод Назаров орталық қаланың ортасында жердің жүз шаршы метрі 150 000 долларға сатылып жатқанын айтқан. Осыған сәйкес, 5-8 гектар жер ғимаратты есепке алмағанда, 87 миллион АҚШ доллары болуы тиіс. Жер телімі 13 есеге арзан сатылған.

XS
SM
MD
LG