Ссылки доступа

Франциядағы президент сайлауында Макрон мен Ле Пен екінші турға өтеді


Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон мен "Ұлттық бірлік" оңшылдар партиясының өкілі Марин Ле Пен президент сайлауының екінші турына өтеді.

Президент сайлауының 10 сәуірдегі бірінші турынан кейін жарияланған экзит-пол нәтижесі осыны көрсетті.

Әзірге төрт сауалнама нәтижесі жарияланды. Ол бойынша, Макрон 28-29,5 пайыз шамасында дауыс жинаса, Ле Пен көрсеткіші 23-24,5 пайыз аралығында болды.

Солшылдар үміткері Жан-Люк Меланшон шамамен 20 пайыз дауыспен үшінші орында тұр. Жексенбі кешінде сөйлеген сөзінде ол Макронды ашық қолдамады, бірақ жақтастарын екінші турда Ле Пенге дауыс бермеуге шақырды.

Төртінші орын алған ұлтшыл Эрик Земмур болса Ле Пенге қолдау білдірді.

Сайлау нәтижесі бес жыл бұрынғы саяси науқанды еске түсірді. Сол кезде де сайлаудың екінші турына Макрон мен Ле Пен шыққан. Қазіргі президент екінші турда сенімді түрде жеңіске жеткен. Бұл жолы, әлеуметтанушылардың болжамына қарағанда, екі саясаткер арасындағы күрес тартысты болады.

Екінші тур екі аптадан соң өтеді.

XS
SM
MD
LG