Ссылки доступа

Украина Еуроодаққа кандидат мәртебесіне маусымда ие болуы мүмкін 


Украина биыл маусым айында Еуроодаққа кандидат мәртебесіне ие болуы мүмкін. Осылай деп Украинаның Еуропа және еуроатлантикалық интеграция мәселелері бойынша вице-премьер-министрі Ольга Стефанишина мәлімдеді. 

"Украина Еуродаққа мүше болу үшін анкета алды. Біз өте көп дайындық жұмыстарын жүргіздік. Сол себептен тез әрекет етуге дайынбыз", - деп жазды Стефанишина Twitterжелісіне.

Еурокомиссии басшысы Урсула фон дер Ляйен 8 сәуірде Киевке барып, Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, Еуроодаққа кіруге келіссөзді бастау үшін анкетаны тапсырды.

"Сіздің ЕО-ға жолдарыңыз басталып жатыр. Бұл қысқа жол болады",- деді Еурокомиссия басшысы. Ол әдетте кандидат мәртебесін алу процесіне бір жыл кетеді, ал Украина үшін бір апта болуы мүмкін деді.

XS
SM
MD
LG