Ссылки доступа

Ферғана жазығында халықаралық әуежай салынуы мүмкін


Өзбекстанның Ферғана жазығында халықаралық әуежай салынуы мүмкін. 

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Шавкат Мирзияев еліндегі көлік саласының даму жобасымен танысқан.

Құрылыс жоспарында Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарының әуежайын кеңейту мүмкін емес екенін ескеріп, Ферғана жазығына жаңа халықаралық әуежай салу қажеттігі айтылған. Қазір бұл жоба талқыланып жатыр.

Осыған дейін Өзбекстан 2035 жылға дейін әуежайларды дамыту жоспарын әзірлеген. Кешегі жоспарда 2026 жылға дейінгі даму жұмысы қарастырылған. Оған сәйкес, "Ташкент" әуежайын халықаралық хабқа айналдыру, "Навои" әуежайын жүк хабына айналдыру, Самарқанд және Бұхара әуежайларын туристік хабқа айналдыру қарастырылған.

XS
SM
MD
LG