Ссылки доступа

Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасына ақша салған әйел өзін-өзі өртеп жіберді  


11 сәуірде қаржы пирамидасынан зардап шеккен әйел Нұр-Сұлтанда ішкі істер министрлігі ғимараты жанында өзін-өзі өртеді. Өзіне қол жұмсамақ болған 32 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. 

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын "ауыр" деп бағалайды.

Осының алдында Досмаилова Instagram парақшасы арқылы Mudarabah Capital қаржы пирамидасынан зардап шеккенін, бұл іс дұрыс тергелмей жатқанын, өзінің өліміне Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдрахмановты кінәлі деп санайтынын айтып мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, Әбдрахманов бұл істі жабуға тырысқан.

Кейін Әбдрахманов Facebook парақшасына бұл іске қатысты 14 адамның тергеліп жатқанын, екеуіне халықаралық іздеу жарияланғанын жазған. Үш күдікті сот шешімімен ешқайда кетпеу жөнінде кепілдік беріп, босатылған. Екеуі үйқамақта отыр.

Досмаилова жергілікті вайнерлер Мейіржан Туребаев пен Мейірхан Шерниязовты Mudarabah Capital-ды жарнамалағаны үшін сотқа тартуды сұрайды.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Досмаилованың отбасы аталған қаржы пирамидасына 20 миллион теңге ақша салған.

XS
SM
MD
LG