Ссылки доступа

Қырғызстанның тәжік шекарасына жақын ауылдарының тұрғындары көшірілді


Қырғызстандағы Баткен облысы Лейлек ауданында шекараға жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарын көшіру басталды.

Мәліметтерге қарағанда, шекарадағы жанжалға байланысты, Лейлек ауданындағы Интернационал, Мақсат, Достук, Борбордук, Арка және Жаштык ауылдарының тұрғындары көшіріліп жатыр.

Баткен облысының басшылығы нақты қанша адам эвакуацияланғанын атай алмады. "Ауыл тұрғындары Лейлек ауданындағы Маргун және Бешкент айылқ аймақтарына көшіріледі. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында келіссөздер жүріп жатыр", - деді облыс әкімдігіндегілер.

Жаштык ауылының тұрғыны Сарвар Турдубаев ауылда ер азаматтар ғана қалғанын айтты. "Атыс даусы естілді, жарты сағатқа созылды. Қазір тыныш. Әйелдер, балалар мен қарттар көшірілді. Тәжікстанмен шекаралас елді мекемендер – Достук, Арка, Борбордук, Максат ауылдарында да осындай жағдай", - дейді ауыл тұрғыны.

Еске салайық, 12 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекарада атыс болып, қырғыз және тәжік шекарашысы жараланды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер науқастардың жағдайы ауыр екенін айтты.

XS
SM
MD
LG