Ссылки доступа

Ресей қорғаныс министрлігі: Мариупольде 1 мыңнан астам украин жауынгері өз еркімен берілді


Мариуполь қаласында Украина теңіз жаяу әскері 36-бригадасының 1026 жауынгері өз еркімен берілді, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің ресми өкілі Игорь Конашенковтың брифингте мәлімдеуінше, өз еркімен берілгендер арасында 162 офицер, сонымен бірге 47 әйел жауынгер бар. Бұған қоса, 151 жаралы украин сарбазына сол жерде медициналық көмек көрсетіліп, сосын оларды Мариупольдегі ауруханаға жеткізді.

Украина қорғаныс министрлігінің өкілі журналистерге 1026 украин жауынгерінің берілгені туралы мәлімет түспегенін айтты.

Бұл уақытта, Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович Facebook'те Ресей әскерінің қоршауындағы Мариуполь қаласында теңіз жаяу әскерінің 36-бригадасы өте ауыр әрі күрделі әскери стратегия нәтижесінде "Азов" полкына қосылуға беттеді деп жазды.

XS
SM
MD
LG