Ссылки доступа

Тәжікстанның "Корвон" базарында орындар қымбаттады (видео)


Душанбенің ең ірі “Корвон” базарында саудагерлердің орындарына төлейтін ақысы қымбаттады. 

Осыған дейін төлем 2 сомони болса, қазір 6 сомони. Күзетшілердің ақысы 35 сомониден 80 сомониге көтерілген.

Базар директоры Халима Мавлонова қызмет ақы көтерілгенін растап, бірақ жаңа тарифтер әлі күшіне енбеді дейді.

Ол базарда қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын, аяқталғаннан кейін барып жаңа тарифтерді енгізетінін жеткізді. Жөндеу жұмыстары 2023 жылға қарай аяқталмақ.

“Корвон” базарының қызметкерлері жөндеу жұмысына көп шығын кетіп жатқанын, сол себептен төлемдерді де өсіріп жатқанын айтады. Саудагерлер де жөндеу жұмысына ақша бөлген. Базар директоры болса, саудагерлер өз еріктерімен көмектесіп жатыр дейді.

Монополияға қарсы қызмет бекіткен жаңа тарифке сәйкес, “Корвон” базарында бір шаршы метр үшін төлем бағасы 20-дан 50 сомониге қымбаттайды.

Торговцы "Корвона": повышенные рыночные сборы сильно бьют по карману
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:13 0:00

XS
SM
MD
LG