Ссылки доступа

Гафур Рахимов Өзбекстанның Кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице-президенті болып сайланды


Халықаралық бокс ассоциациясының (AIBA) бұрынғы басшысы Гафур Рахимов Өзбекстанның Кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице-президенті болып сайланды. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.  

Бұдан бөлек елдің Кәсіпқой бокс федерациясының 16 сәуірде өткен кезектен тыс отырысында федерация президенті қызметіне осыған дейін AIBA бас хатшысы болып істеген Умид Якубов, оның орынбасары қызметіне Зиевуддин Жожиниезов сайланды.

2018 жылы шілдеде Өзбекстанның бас прокуратурасы Гафур Рахимовтың аты-жөнін іздеудегі адамдар тізімінен шығарып, сол жылы қараша айында ол Халықаралық бокс ассоциациясының басшысы болып сайланған.

Оған дейін АҚШ-тың қаржы министрлігі Рахимовты санкциялар тізіміне енгізген. 2019 жылы наурызда Халықаралық олимпиада комитеті Рахимовтың AIBA басшысы қызметіне үміткер ретінде тіркелуі өзінің ықпалын сақтап қалуға әсер етуі мүмкін деген. Ол өзіне тағылған айыптар ойдан шығарылған деген.

2020 жылы сәуірде Рахимов сотта АҚШ-тың қаржы министрлігінен жеңіліп қалып, бүгінгі күнге дейін Вашингтонның санкциялар тізімінде қалып отыр.

XS
SM
MD
LG