Ссылки доступа

Қырғызстандықтар Ресейге тек ұшақпен ғана бара алады


Ресей әзірге Қырғызстан азаматтары үшін қазақ-орыс шекарасындағы шектеулерді алмай жатыр. Осылай деп Қырғызстанның Мәскеудегі елшілігі мәлімдеді.

Сол себептен қырғызстандықтар Ресейге әзірге тек ұшақпен ғана бара алады

Қырғыз елшілігінің хабарлауынша, қазақ-орыс шекарасынан тек көлікпен шығып кетуге ғана рұқсат берілген.

Қазақстан 11 сәуірден бастап Қырғызстан, Өзбекстан және Ресеймен шекарасындағы барлық шектеулерді алып тастаған. Шектеулер 2020 жылы наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген.

Пандемияға дейін қазақ-қырғыз шекарасындағы "Ақ жол" өткізу бекеті арқылы күніне 10 мыңға жуық жолаушы және 1,5 мыңнан астам көлік өтетін. Туристік мерзімде тәулігіне 35 мың адам өтіп, көліктердің саны 2,5 мыңға дейін жетіп тұрған.

XS
SM
MD
LG