Ссылки доступа

Қырғыз милициясы қамаудағы журналистке қатысты пікір білдірді


Бішкек қалалық ішкі істер басқармасы зерттеуші журналист Болат Теміровке қарсы қозғалған қылмыстық іске байланысты пікір білдірді.

Мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, ол Қылмыстық кодекстің 379-бабы (Жалған құжат әзірлеу), 378-бабы (Шекараны заңсыз кесіп өту) бойынша күдікке ілінген. Теміровтің өзі Ресей азаматы бола тұра, жалған құжатпен Қырғызстан азаматтығын алып, төлқұжатты бірнеше рет алмастырған және жалған құжатпен бірнеше рет шекарадан өткені айтылады.

Журналист Болат Теміров пен ақын Болат Назаров биыл 23 қаңтарда ұсталған. Келесі күні ешқайда кетпеу жөнінде тілхатпен босатылған.

Сол күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев журналистерге брифинг ұйымдастырып, өзінің мемлекетке ешқандай зиян келтірмегенін, жемқорлыққа бармағанын айтқан.

Бұл оқиғаға дейін Болат Теміров “Ютубтағы” Temirov LIVE каналына жемқорлық туралы зерттеу материалын жариялаған. Онда Ташиевтің аты-жөні аталған.

Адвокат Нұрбек Токтакунов осыған дейін қылмыстық іс 287-бап бойынша (Есірткі және психотроптық заттарды қолдануға көндіру) қозғалғанын, Теміровке де, Назаровқа да әдейі есірткі салып қойғанын мәлімдеген.


XS
SM
MD
LG