Ссылки доступа

Қамаудағы тәжік заңгері Иззат Амонды енді 7 мың доллар алды деп айыптап жатыр


Иззат Амон был приговорен к 9 годам заключения

Түрмеде отырған адам құқықтарын қорғаушы Иззат Амонға 7 мың доллар алды деген жаңа айып тағылды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Бохтардың тағы бір тұрғыны оның үстінен арызданған. Арызданушының аты-жөні айтылмады.

Адам құқықтарын қорғаушының туыстарының хабарлауынша, Иззат Амон бұл адамды танитынын растаған, бірақ 7 мың доллар алды дегенін жоққа шығарған.

Мигранттардың құқықтарын қорғаған азаматты Ресейден Тәжікстанға 2021 жылғы наурызда тапсырды. Тәжікстанда оған алаяқтық жасады деген айып тағылды. 2021 жылғы 19 қазанда Душанбе соты Иззат Амонды тоғыз жылға соттады. Тәжікстан Жоғарғы соты 2021 жылғы қарашада сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Жаңадан қозғалған іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Иззат Амонның адвокаты Саидбурхон Шариповтің мәлімдеуінше, қорғауындағы азамат тағылған айыппен келіспейді. "Қазір тергеу жүріп жатыр, анық-қанығын кейін хабарлаймыз", - деді қорғаушы.

Иззат Амонның ұлы Мұхаммадюсуф Холовтың айтуынша, 2009 жылы Бохтар тұрғыны оның әкесімен жолығып, өзін қорғауын сұраған. "Әкем оған адвокат берген, ақшаны сол адвокатқа берген", - деді Холов.

Иззат Амонның жақтастары оған тағылған айыптардың саяси астары бар деп есептейді. Адам құқықтарын қорғаушы Тәжікстан билігін ашық сынаған.

XS
SM
MD
LG