Азаттықтың түркімен қызметінің хабарлауынша, құқық қорғау органдары өкілдері дүкендердегі кезекті видеоға түсіріп тұрады.
"Олар рұқсат етілген нормадан тыс нан сатып алғандарды 15 тәулікке қамаймыз деп ескертіп жатыр", - деген Ашғабад тұрғыны.
Мемлекеттік дүкендерде бір адамға 2-3-тен ғана бөлке нан беріледі. Жеке дүкендерде бір таба нан 5-10 манат тұрады, ал мемлекеттік дүкендерде бір бөлке нанның бағасы 60 теңге.
Түркіменстан халқы соңғы бірнеше жылдан бері экономикалық дағдарысты бастан өткеріп келеді.