Ссылки доступа

Британия тәжік мигранттарына есігін ашып жатыр 


Ұлыбританияда жұмыс істеп келген Фирдавс Баротов 

Тәжікстанның мыңнан астам азаматы Ұлыбританияға барып, жұмыс істегісі келеді. Мигранттарды жұмыспен қамтамасыз ететін компания әзірге 200 адамды таңдап алды. Бұдан бөлек Ұлыбританияның ауыл шаруашылығы саласына 500 адам жіберуге ниетті.  

Тәжікстанның миграциялық қызметі Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия елшіліктерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істегісі келетін азаматтарды іріктеуді бастағанын мәлімдеді. Жұмысқа 22-45 жас аралығындағы ағылшын тілін білетін азаматтарды қабылдамақ.

"Біз Лондондағы Тәжікстан елшілігі арқылы Британияда жұмыс істегісі келетін адамдардың тізімін жібердік. Компания өкілдері әзірге 244 адамды іріктеп алды. Олардың 69-сы шақырту алды, қазір құжаттарын әзірлеп жатыр", - дейді Мигранттарға кеңес беру орталығының директоры Диёр Норматов.

Тәжікстандықтар Британияға өз ақшасымен барады. Маусымдық жұмыс тәулігіне 8 сағатқа созылады. Әр сағат үшін 12 доллар алады.

29 жастағы Фирдавс Баротов таяуда ғана Ұлыбританиядан жұмыс істеп келді.

"Ресейден айырмашылық көп. Британияда жұмыс істеген жеңіл әрі айлығы да жоғары. Бірақ бұл елге заңсыз бару мүмкін емес", - дейді ол. Бірақ ол Британияда жұмыс істегеннің өз қиындығы бар екенін айтады. Визаны 9 айға ғана береді екен. Ал Душанбе мен Лондон арасында ұшақ бағасы 20 мың сомони.

Тәжікстанда жұмыссыздық мәселесі күрделі. Ресми ақпарат бойынша, былтыр жұмыссыздар саны 54,6 мың адам болған. Көбі Ресей, Қазақстан, Түркия, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб әмірлігі елдеріне барып жұмыс істеуге мәжбүр.

XS
SM
MD
LG