Ссылки доступа

Тәжікстандағы жол апатында әскерге күшпен алып кеткен жастар зардап шекті


Саиданваршохи Эшонзода

Тәжікстанда Куляб-Бохтар күре жолында болған жол апатынан әскер қатарына ендіге ғана алынған үш жігіт, комиссариат қызметкері мен жүргізуші зардап шекті. Дереккөз мәліметінше, жастарды күшпен алып кеткендер оларды әскери бөлімге жеткізе алмаған.

Дәрігерлер жас жігіттердің бірінің жағдайын өте ауыр деп бағалады. Олардың туыстары балаларды әскерге күшпен алып кетті деп мәлімдеді. Қорғаныс министрлігі бұны жоққа шығарып отыр.

Дереккөз мәліметінше, жол апаты 14 сәуірде Леваканд қаласына жақын маңда болған. Апат туралы басқа мәлімет жоқ.

Куляб қаласы Чорбог махалласының 25 жастағы тұрғыны Саиданваршохи Эшонзода ауыр қалде ауруханада жатыр.

Жастардың туыстары жол апатына себепкерлерді ғана емес, балаларды әскерге апару үшін күшпен ұстағандарды да жауапқа тартуды талап етті. Мәліметтерге қарағанда, әскери комиссариаттағылар Саиданваршохи Эшонзоданы төсекте жатқан жерінен алып кеткен. "Екі адам есік қақты, қалалық электр желісі мекемесіненбіз деп таныстырды, тағы екі адам үйді арты жағынан кірді. Күйеуім олардан ұйықтап жатқан баланы қорқытпауын сұрады", - дейді Саиданваршохидің әйелі.

Төрт адамның оны автокөлікке күшпен отырғызып, белгісіз жаққа алып кеткенін көршілер де көрген.

Тәжікстан қорғаныс министрлігінің бірінші орынбасары Эмомали Собирзода 20 сәуірде парламентте "көктемде әскерге қабылдау науқаны жоспарға сай жүріп жатыр" деп мәлімдеді.

Республикада жастарды көктем мен күзде әскер қатарына қабылдайды. 18-27 жас аралығындағы жастар әскерде қызмет етуге міндетті.

XS
SM
MD
LG