Ссылки доступа

Хивада "Ичан-Кала" музей-қорығында жасанды экспонаттар бар екені анықталды  


Өзбекстанның Хива қаласындағы "Ичан-Кала" мемлекеттік музей-қорығындағы 101 экспонаттың көлемі, материалы, өндеу стилі және жасалған мерзімі арнайы кітапшадағы жазылғандармен сәйкес келмейді. Осылай деп елдің Мәдени мұра агенттігі мәлімдеді.

Мекеме мәліметіне қарағанда, музейдегі сәйкессіздіктер агенттікке қарасты Мәдени мұраларды қорғау инспекциясы жүргізген тексеру нәтижесінде анықталған.

Бұдан бөлек тексеру барысында бірқатар бұйымдар жайында мәліметтерді растайтын құжаттар жоқ болып шыққан.

Тексеру қорытынды құқықтық баға берілу үшін Өзбекстанның бас прокуратурасына жіберілген.

XS
SM
MD
LG