Ссылки доступа

Тәжікстанның тау-кен байыту комбинатында жарақат алған бұрынғы жұмысшылар өтемақы талап етеді


көрнекі сурет
көрнекі сурет

Тәжікстанның Анзоб тау-кен байыту комбинатының бұрынғы жұмысшыларына өтемақы төлеп беру ісі бойынша тергеу ісі үш жылға созылған. Жұмысшылар өндіріс орнында ауыр жарақат алғанын айтып, енді комбинат басшылығы ай сайын өздеріне өтемақы төлеп тұруы тиіс екенін мәлімдейді. 

30 жыл бұрын Анзоб тоу-кен байыту комбинатында жарылыс болып, Вохид Зохидовтың екі көзі көрмей қалған. Қазір ол 67 жаста.

“2015 жылға дейін ай сайын 230 сомониден (18 доллар) өтемақы алып тұрдым. Соңғы жеті жылдан бері бермей қойды. Комбинат жетекшілігі банкроттықты сылтау етіп, өтемақы төлеп беру міндетті емес екенін айтты. Одан кейін мемлекеттік органдарға бардым, бірақ еш нәтиже шықпай жатыр”, - деді ол.

Зохидовтан бөлек аталған комбинатта жұмыс істеген кезінде түрлі жарақат алған тағы тоғыз адам да өтемақы талап етеді. Олар да тиісті органдарға шағымданған. Бірақ нәтиже бермеген.

Анзоб тау-кен байыту комбинаты 1970 жылы құрылған. 2005 жылы оның базасында тәжік-америка бірлескен “Анзоб” компаниясы құрылған. Оның жарғылық капиталының 51% тәжік, 49% америка тарапына тиісті болған. Америка бұл жобаға 4 миллион доллардан астам қаражат салған. 2006 жылы Тәжікстан компаниядағы үлесін сатып, нәтижесінде Comsup Commodities Inc компаниясы 100% акция пакетіне иелік еткен.

Сот 2011 жылы компанияның өндірісте жарақат алған бұрынғы қызметкерлеріне ай сайын өтемақы төлеп беру міндетін Айни аудандық әлеуметтік қолдау басқармасына жүктелгенін анықтаған. Қазір аталған басқарма жойылған. Оның қызметін Тәжікстанның әлеуметтік қамтамасыз ету және зейнетақы жөніндегі агенттік атқарады.

Агенттік қызметкерлері бұл іс бойынша нақты шешім қабылдамаған. Себебі, әлі нақты сот шешімі жоқ.

XS
SM
MD
LG