Ссылки доступа

Сауд Арабиясы Тәжікстанға қажылық сапардың квотасын екі есеге азайтты  


Сауд Арабиясы биылғы қажылық сапарға Тәжікстан үшін  3,5 мың квота бөлді. Коронавирус пандемиясына дейін Тәжікстаннан қажылық сапарға 6 мыңға дейін адам барып тұрған.

Бұл жолы Сауд Арабиясы қажыға барушылардың жасы 65-ке дейін, COVID-19 вирусына қарсы емдеуден өткен және бұл індеттен таза екенін растайтын тест тапсыруы тиіс.

Биыл қажылық сапар 7 шілдеден басталып, 12 шілдеге дейін жалғасады.

Әлемде коронавирус пандемиясына байланысты Сауд Арабиясы 2020 жылы қажылық сапарды шетел азаматтар үшін уақытша тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG