Назаршо Лангаршоев электр энергиясы үшін уақытында төлем жасап келгенін, бірақ 600 сомони (48 доллар шамасы) қарызы бар деген түбіртек келгенін айтады.
Ол электр есептегішін тексеруге жіберген. Бірақ Лангаршоев тексеру нәтижесіне сенбейді.
Бұл іске қатысты Шохмансур аудандық соты қарызды теңдей екі тарапқа бөліп төлеу жөнінде шешім шығарған: бір бөлігін қолданушы, екінші бөлігін жауап беруші төлейді.
Лангаршоев қарызын төлеген, бірақ жауап беруші төлемеген. Ол егер мұндай жағдай тағы қайталанса, энергетиктерді екінші рет тағы сотқа беремін дейді.
Биыл ақпан айында үкімет халықтың электр энергиясына қарызы 1,3 миллиард сомониден асқанын мәлімдеген.