Ссылки доступа

Қырғыз президенті 2010 жылдың маусым оқиғасына байланысты сұрауға алынды (видео)


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бас прокуратура тергеуіне алынды. Осылай деп қадағалаушы органның баспасөз қызметі хабарлады. 

Қырғыз президенті 2010 жылдың маусым оқиғасына байланысты сұрауға алынған. Бұл кезде Садыр Жапаров Жемқорлықтың алдын алу агенттігін басқарған.

Бұл оқиғаға байланысты Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев те сұрауға алынған.

Бір жыл бұрын арнайы қызмет 2010 жылғы маусым оқиғасына байланысты уақытша үкімет мүшелеріне қатысты қайта тергеу басталғанын мәлімдеген. Қазір бұл іске байланысты бұрынғы және қазіргі 15 шенеунік жауап беріп жатыр.

Ресми мәлімет бойынша 2010 жылдың маусым оқиғасы кезінде 446 адам қайтыс болған, екі мыңға жуық адам түрлі жарақат алған. 57 адам жоғалған, оның 19-ы әлі табылмады.

XS
SM
MD
LG