Ссылки доступа

Абдуләзіз Камилов Өзбекстан СІМ басшысы қызметінен босады


Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдуләзіз Камилов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен босатылды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.

Оның айтуынша, Камилов Қауіпсіздік кеңесі хатшысының сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Бобур Усманов Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институты директорының орынбасары қызметіне ауысты.

Еске салайық, 29 наурызда сыртқы істер министрлігі Абдуләзіз Камиловтың емделіп жүргенін хабарлаған.

Оны сыртқы істер министрі қызметіне Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімов 2012 жылы тағайындаған. Камилов билікке Шавкат Мирзияев келген уақытта үкіметтегі министр қызметін сақтап қалған жалғыз шенеунік атанды.

XS
SM
MD
LG