Ссылки доступа

Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында жаңа бекеттер ашылады


Биыл Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы шекарада тағы 3−4 бақылау-өткізу бекетін ашу жоспарланған, деп хабарлады Қырғызстан СІМ басшысы міндетін атқарушы Жээнбек Кулубаев.

Қырғыз депутаты Эльдар Сүлайманов Жогорку Кенештің 27 сәуірдегі жиналысында бұрындары Чек-Абад ауылында шекара бекеті болғанын, кейін ол жабылып қалғанын еске салды. Бұл бекет Ош пен Әндіжан облыстары арасында орналасқан.

"Қырғызстанға Өзбекстаннан шекараны ашуға қырық адамнан құрылған делегация келеді. Соларға көмектесуді ұсынамын", - деді депутат.

Жээнбек Кулубаевтың айтуынша, бұл мәселе Қырғызстан мен Өзбекстан премьер-министрлері кездесуінде талқыланған.

"Мұны талқылап жүргенімізге көп болды, ал биыл 3-4 бақылау-өткізу бекеті құрылады", - деді ол.

Көрші елдер арасында қосымша шекара бекеттерін ашу Қырғызстан мен Өзбекстанның жүк тасымалын жеңілдетуі тиіс.

XS
SM
MD
LG