Ссылки доступа

Қырғызстанға кіретін азаматтардан вакцинация паспортын сұрамайды


Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі шұғыл штаб Денсаулық сақтау министрлігіне осындай тапсырма берді, деп хабарлады қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі.

Қырғызстан 1 мамырдан бастап ел аумағына кіретін азаматтардан ПЦР-тест пен вакцинация паспортын көрсетуді талап етпейді.

Бұған қоса, қырғыз үкіметі 2020 жылғы 22 наурызда коронавирус індетіне байланысты енгізілген төтенше жағдай жүйесін алып тастау мәселесін талқылайды.

Бұның алдында елдің денсаулық сақтау министрлігі ауруханаларда коронавирустан емделіп жатқан науқас жоқ екенін хабарлаған. Республикада COVID-19 індетінің беті қайтқанына бірнеше ай болды. Індет басталғалы бері Қырғызстанда 200 990 адам коронавирус жұқтырып, 2991 адам қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG