Жүргізушілердің айтуынша, қала әкімдігі өз міндетін дұрыс атқармай отыр, сол себепті тұрғындар жолды өз бетінше жөндеуге мәжбүр.
Куляб тұрғыны Камолиддин Достиевтің айтуынша, шұрық-тесік жолмен жүрген автокөліктердің де тозығы шыға бастады. "Көлікті айына бір-екі мәрте жөндеуге тура келеді. Автобөлшек сатушылар мен көлік жөндеушілер бұған мәз", - дейді ол.
Қалада бір жылдан бері жол басқармасы жұмыс істемейді. Кулябтың бұрынғы басшысы Кодир Вализода техника мен құрал-жабдықтың жоқтығынан бұл басқарманы таратып жіберген.
Жыл басында қала әкімі қызметіне Бахтиёр Назарзода тағайындалды. Ол жүргізушілерге жолды жөндеуге уәде берді, бірақ сөзінде тұрмады, дейді кулябтықтар.
Куляб басшысы 2022-2026 жылдарды қала жолдарын жөндеу кезеңі деп жариялаған. Бірақ 2022 жылыдң төрт айы өтсе де қалада жол жөндеу әлі басталған жоқ.