Ссылки доступа

Таулы Бадахшан белсенділері: Зиёбековті өлтіргендер жазадан құтылып кетуі мүмкін


Тәжікстанда Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы азаматтық белсенділер топтасқан "Комиссия 44" ұйымы Гүлбиддин Зиёбековтің өліміне қатысты қылмыс ақыры ашылмай қалуы мүмкін екенін ескертті. Істі тергеген прокурорлар Хорог қаласынан кеткен.

Роштқала аудындағы Тавдем ауылыынң 29 жастағы тұрғыны Гүлбиддин Зиёбековті 2021 жылғы 25 қарашада тәжік күш құрылымының өкілдері арнайы операция кезінде өлтірді.

Тәжікстан Бас прокуратурасы тергеушілер Душанбеге оралғанын растады. "Тергеушілердің дені Айт мерекесіне орай астанаға келді. Бір тергеуші Хорогта қалды", дейді прокуратурадағылар. Тергеушілер Хорогқа қашан баратынын Бас прокуратура айтпады.

"Комиссии 44" ұйымының мүшесі, заңгер Фаромуз Иргашевтің айтуынша, тергеушілер Хорогтан кетіп қалғанын аймақтағы азаматтық белсенділерге ескертпеген. Олар қылмыс ақыры ашылмай қала ма деп алаңдайды.

Иргашевтің мәліметінше, тергеушілер сәуір айында құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тергеген. Оның мән-жайы хабарланбады.

Еске салайық, Гүлбиддин Зиёбеков былтыр 25 қарашада арнайы операция кезінде оққа ұшты. Билік ол қарулы қарсылық көрсетті деп ақталды. Дегенмен оның жақтастары бұны жоққа шығарып, Гүлбиддинде қару болмағанын айтты.

Зиёбеков қазасынан соң Хорогтағы орталық алаңда бірнеше мың адам жиналды. Митинг төрт күнге созылды. Олар Гулбиддинді өлтіргендердің жауапқа тартылуын талап етті. Хорогқа әскер кіргізіліп, аймақ интернетсіз қалды.

Алаңдағы халықты тарату үшін билік Зиёбековтің қазасын әділ тергеуге уәде берді. Митинг 28 қарашада аяқталды, Гүлбиддин Зиёбеков пен қараша оқиғасында қаза тапқан екі азаматтың ісі әлі тергеліп жатыр.

XS
SM
MD
LG