Ссылки доступа

Өзбек үкіметі Ичан-қаланы құмырсқа басты дегенді жоққа шығарды


ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Ичан-қалада құмырсқа бүлдірген нысан жоқ. Өзбекстан туризм және мәдени мұра министрлігінің Мәдени мұра агенттігі осылай деп хабарлады.

Еске салайық, өткен аптада Зоология институның директоы, биология ғылымдарының докторы Бахтияр Холматов ақ құмырсқалар Ичан-Қала тарихи кешеніндегі 33 тарихи ескерткішті бүлдірді деп мәлімдеді.

Агентсттіктің хабарлауынша, Ичан-қаладағы 58 тарихи ескерткішті ақ құмырсқадан сақтау жұмыстары бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Оған Хорезмдегі Мамун академиясы көмектесіп жүр.

Академиядағы арнайы зертхананың ғылыми қызметкерлері 34 ескерткішті ақ құмырсқа бүлдіргенін анықтаған, нысандарды одан қорғау шаралары сол кезде басталған.

"Он жылда ақ құмырсқа басқа нысандарды бүлдірмеді. Жұмыс нәтижелі болды", делінген агенттік мәлімдемесінде.

Хабарларға қарағанда, Орталық Азия елдерінде ақ құмырсқаның төрт түрі бар. Олар ғасырлар бойы Өзбекстандағы тұрғын үйлер мен сәулет ескерткіштерін бүлдіріп жүр.

XS
SM
MD
LG