23 жастағы Умрзаков Навои қаласындағы қатаң тәртіптегі абақтыда Отабек Сатторимен бірге отырғанын айтты.
– Қазір Саттори депрессияда. Оның дүниетанымы қатты өзгерді. Ол еркіндікті сағынды. Ол өзінің ісі жөнінде әңгімелеп, ешқашан ешкімнен ақша талап етпегенін айтты, - дейді Умрзаков.
Былтыр сөз бостандығын қорғайтын халықаралық ұйымдар блогер Отабек Сатториге қарсы шыққан сот үкімін айыптап, оның бостандығын талап еткен. Саттори бопсалап, ақша талап етті деген айыппен алты жылға бас бостандығынан айырылған.
Хумоюн Умрзаков болса былтыр қыркүйек айында "Жалған мәлімет тарату" бабы бойынша айыпты деп танылған.
"Умрзаков 102 нөміріне қоңырау шалып, түнгі сағат 2-де үйінің алдында ашық тұрған көлікті ұрлап кеткенін айтып, кінәлілерге қарсы заңды шаралар қолдануды өтінген. Тергеу кезінде көлікті ешкім ұрламағаны анықталды", - деп жазылған үкімде.
Сотто Умрзаков кінәсін мойындаған.
Биыл "Шекарасыз тілшілер" ұйымының "Әлемдегі баспасөз еркіндігінің индексі-2022" атты баяндамасында Өзбекстан 180 елдің ішінен 24 сатыға алға жылжып, 133-орынға жайғасқан.