Ссылки доступа

Өзбекстанда екі жастағы қызын 14 мың долларға сатпақ болған әйел ұсталды


Ферғана облысы Даңғара ауданында 2020 жылы туған қызын 14 мың долларға сатуға талпынған әйел ұсталды. Бұл туралы Ферғана облысы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Милиция мәліметіне қарағанда, жергілікті құқық қорғаушылар Даңғара ауданының ішкі істер бөліміне түскен арыз негізінде операция жүргізіп, 28 наурызда екі жастағы қызын сатпақ болған әйелді ұстады.

Болған оқиғаға қатысты құжаттар жиналып, аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.

Күдікті әйелдің үстінен адам саудасы қылмысына байланысты іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG