Ссылки доступа

Бұдан былай Ресейге баратын өзбекстандықтар 15 тәулік бойы тіркелмей жүре алады 


Ресей президенті Владимир Путин Өзбекстан мен РФ үкіметі арасындағы азаматтардың осы елдерге бару тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл жөнінде Кремльдің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Құжатқа сәйкес, Ресейге баратын Өзбекстан азаматтары, сәйкесінше Өзбекстанға баратын Ресей азаматтары 15 күн бойы тіркелмей жүре алады. Осыған дейін 7 тәулік ішінде тіркелуі қажет болған.

Бұл келісімге екі елдің үкіметі 2021 жылы қол қойған.

XS
SM
MD
LG