Ссылки доступа

Өзбекстанда Ұлттық медиа-ассоциация құрылды


Өзбекстанда Ұлттық электронды бұқаралық ақпарат құралдарының ассоциациясы атауын өзгертіп, Ұлттық медиа-ассоциация деп қайта құрылды. 

Аталған ұйымның бұрынғы төрағасы Фирдавс Абдухаликов Sevimli телеканалындағы жанжалға байланысты ақпан айында өз өтініші бойынша қызметінен кеткен. Оның орнына Шерзода Кудратходжа тағайындалған. Ол - Халықаралық пресс-клубтың жетекшісі әрі Журналистика және бұқаралық байланыс университетінің ректоры.

4 мамырда өткен жиналыста Ұлттық медиа-ассоциация төрағасының орынбасары болып Аброржон Пулатов тағайындалды.

Жиналыста мәлім болғандай, аталған ұйым Өзбекстан медиа өкілдеріне жаңа платформа құрады.

Бүгінде бұл медиа-ассоциацияның құрамына 18 жеке телеканал, 19 радиоканал және 100 электронды БАҚ кіреді.

XS
SM
MD
LG