Ссылки доступа

Талапқа сай емес деп 18 автомектеп жабылды  


Қырғызстанда 4 сәуірден бері 142 автомектеп тексеріліп, олардың ішінде талапқа сәйкес келмеген 18 мектеп жабылған, 47-сіне айыппұл салынған.

ІІМ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасы тексеру барысында 13 автомектептің лицензия талаптарына жауап бермейтіні анықталғанын жеткізді.

Ресми мәлімет бойынша білім беру және ғылым министрлігі басқармасы бас-аяғы 272 автомектепке лицензия берген. Осыған дейін жүргізушілерді оқыту үшін рұқсат қағазды білім министрлігі беріп келсе, былтыр желтоқсанда бұл міндет ІІМ-ге жүктелген.

XS
SM
MD
LG