Ссылки доступа

Арон Атабектің қызы әкесін ақтауды сұрайды 


Ақын әрі диссидент, марқұм Арон Атабектің үлкен қызы Алма Нутушева әкесін 18 жылға бостандығынан айырған "Шаңырақ ісін" қайта қарауға шақырды. 

Алма Нутушеваның жазуынша, 2006 жылы Шаңырақ ауылында болған полицияның өліміне алып келген жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп Арон Атабекке тағылған айыптар дәлелсіз. Қызы әкесі түрмеде азаптаудың салдарынан денсаулығын жоғалтты дейді.

Арон Атабекті денсаулығына байланысты 2021 жылдың күзінде босатты, бірақ сегіз аптадан кейін ол өмірден өтті.

"Арон Атабек өлгеннен кейін де мемлекеттік мекеме өкілдері әкемнің неден қайтыс болғанын анықтауға кедергі жасап жатыр. Ресми анықтамада өкпе тынысының жетіспеушілігінен қайтыс болды делінген. Бірақ ол өлгеннен кейін сирағынан өзге зат табылды. Әлгі затты сараптамадан өткізуге мүмкіндік бермеді",- делінген онлайн-петицияға жазған мәлімдемесінде.

Бүгінгі күнге дейін оған мыңға жуық адам қол қойған.

Алматыдағы Әуезов аудандық прокуратурасы Атабектің өліміне қатысты істі жауып, ол коронавирус инфекциясынан қайтыс болды деген шешім шығарған.

Алма Нутушева Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан "Шаңырақ ісін" қайта қарауды, әкесін ақтауды сұрайды.

Атабек түрмеде 15 жыл отырды. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындаған емес. 68 жасына қараған шағында ауыр денсаулығына байланысты босатылды. Былтыр 24 қарашада өмірден өтті.

XS
SM
MD
LG