Ссылки доступа

Өзбекстан мен Қазақстан ғарышты бірлесіп игермек 


Шавкат Мирзияев ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта бірлесіп игеру жөнінде үкіметаралық келісімді бекітті. Келісімге былтыр 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қол қойылған. 

Өзбекстандағы жергілікті басылымдардың жазуынша, бұл келісімді жүзеге асыратын тиісті мекеме - "Өзбеккосмос" болады.

Екі тарап бұл сала бойынша ғарыш ғылымын зерттеу, планеталарды зерттеу, ғарыш аппараттарын жасап шығару және оларды ұшыру секілді жұмыстарды бірлесіп атқарады.

XS
SM
MD
LG