Ссылки доступа

Қырғызстанның бұрынғы президенті Бакиевтің ұлының сыбайласы ұсталды, бірақ оны үйқамаққа шығарған 


Мұндай шешімді Бішкектің Бірінші май аудандық соты шығарды. 

Алексей Ширшов үйқамақта 26 мамырға дейін болады.

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Дастан" трансұлттық корпорациясының бұрынғы басшысы Алексей Ширшовтың ұсталғанын мәлімдеген. Мекеме мәліметінше, ол 10 мамырда Ыстықкөл облысындағы "Аврора Плюс" демалыс орнын мемлекет меншігінен заңсыз шығарған деген күдікпен ұсталған.

Арнайы қызмет мәліметінше, ол бизнес, сот органдары және мемлекеттік қызмет өкілдерімен сөз байласып, 56 қымбат пәтер мен 27 зәулім үйді коррупциялық схема бойынша жекеменшікке шығарған.

Алексей Ширшовтың аты-жөні Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максимнің қаржы кеңесшісі ретінде аталады. Елдегі энергетика дағдарысына да соның кінәсі бары айтылады.

2010 жылы сәуір оқиғасынан кейін ол елден қашып кеткен. 2019 жылы ол Латвия аумағына тергеуге алынған.

XS
SM
MD
LG