Ссылки доступа

Тәжікстанда оппозицияның әскери қанаты құрылды (видео)


Мухиддин Кабири

Ресейдің әскери сарапшысы Андрей Серенко телеграм-каналына Тәжік оппозициясының әскери қанаты құрылды деп хабарлады. 

Бірнеше оппозициялық топтың басын біріктіретін Ұлттық альянс лидері, Исламның қайта жаңғыруы партиясының жетекшісі Мухиддин Кабири оппозициялық әскери қанаттың құрылуын "табиғи процесс" деп атады.

"Біз Тәжікстанның Ұлттық альянсының 70 беттен тұратын бағдарламасын жарияладық. Онда қазіргі үкімет кеткеннен кейінгі Тәжікстанда жүргізілетін реформалар жайында айтылған. Атап айтқанда, мигранттарды елге қайтару, барлық саяси күштердің қатысуымен еркін сайлау өткізу, ал одан жеңген партия үкіметті жасақтайды. Қазіргі үкіметтің іс-әрекетіне қарап, бізде әскери қанат құрудан басқа амал жоқ екенін көріп отырмыз", - деді Кабири.

Кабиридің сөзінше, Тәжікстанда адам құқығын бұзу, оппозицияны қуғындау жылдан жылға күшейіп жатыр. Бұл жағдайда Эмомали Рахмонмен бейбіт келісімге келу мүмкін емес екеніне тек оппозицияның ғана емес, халықтың да көзі жетіп отыр. Ауғанстандағы, Украинадағы жағдайдан кейін көріп отырмыз. Барлық халық өз мақсатына жету үшін қару қолдануға мәжбүр болып жатыр. Ал бұл біздің қолымыздан келмей ме? Халықты шыдау керек деп әдбен зомби етіп тастады. Қарулы күрес "харам" ретінде тыйым болып келе жатыр", - деді тәжік оппозициясының лидері.

Кабиридің айтуынша, тәжік үкіметінің өзі әскери қанат құруға барлық жағдай жасап отыр.

"Біздің ұлтымыздың жартысы мигрантқа айналды. Оппозицияны қуғындады. Егер бір отбасы бір елді түгел басып алса, онда халықтан не күтеміз. Қашанғы күтеміз?", - деді ол.

Кабири разъяснил свое высказывание о создании "вооруженного крыла" оппозиции
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:10:02 0:00

XS
SM
MD
LG