Ссылки доступа

Қырғыз оппозициясы ел президентінің Ширшов туралы мәлімдемесін сынға алды


Оппозициялық "Бірлескен демократиялық қозғалыс" президент Садыр Жапаровтың Алексей Ширшов бойынша пікіріне наразылық білдірді.  

"Дастан" трансұлттық корпорациясы" ашық акционерлік қоғамының бұрынғы басшысы Алексей Ширшов "Коррупция" бабымен ұсталып, 10 мамырда үйқамаққа шығарылған.

Оппозициялық қозғалыс президент Жапаров мәлімдемесінде "Ширшов қылмыстық жауапкершілікке тартылып, іздеу салынған емес" деп қоғамды шатастырып жатыр дейді.

Үндеуде Алексей Ширшов Максим Бакиевтің жақын адамы ретінде "Қырғызтелеком", "Солтүстік электр", "Қырғызгаз", "Витязь", "Каприз", "Аврора плюс", "Аврора Грин" пансионаттарын жекешелендіру кезінде коррупциялық схемаларды ұйымдастыру фактілері бойынша көптеген қылмыстық істерге қатысы бар екені айтылған.

Президент Садыр Жапаров 11 мамырда Алексей Ширшовқа қатысты пікірін әлеуметтік желі арқылы жариялады.

Президент сөзінше, Алексей Ширшов 6-7 ай бұрын көмекшілері арқылы байланысып, "Максим Бакиевтің 200 млн доллары бұғатталып жатқан банкті тапқанын, оның елге қайтаруға болатынын айтып", өзін қабылдауды сұраған.

Мемлекет басшысы Алексей Ширшов тергеу кезінде 2010 жылы Максим Бакиевтің мүлкін, "Аврора плюс” пансионатын, коттеждерді, таныстарының қайсысы билікте отырғанын, уақытша үкіметтің қай мүшесінің коррупцияға қатысы бар екенін айтып бергенін жеткізген.

Жапаровтың айтуынша, Алексей Ширшовқа қарсы Қырғызстанның құқық қорғау органдары ешқандай қылмыстық іс қозғап, іздеу салған емес.

"Дастан" трансұттық корпорациясы" ашық акционерлік қоғамының бұрынғы басшысы Алексей Ширшов ұсталып, оның бұлтартпас шарасы 10 мамырда Бішкектің Бірінші мамыр аудандық сотында қаралған. Сот шешімі бойынша ол 26 мамырға дейін үйқамаққа шығарылған.

Алексей Ширшов үйқамаққа Ұлттық қауіпсіздік комитеттің тергеу басқармасының өтініші бойынша шыққаны белгілі болды.

XS
SM
MD
LG