Ссылки доступа

Тәжік блогерінің анасы Шохида Мамажонованы абақтыдан колонияға ауыстырды


Германияда тұратын блогер Шерзод Мамажоновтың анасы Шохида Мамажонова Нүректегі әйелдер колониясына ауыстырылды.

Блогер Озоди радиосына осылай деп хабарлады. Оның айтуынша, анасын Нүректегі колонияға осы аптада ауыстырған.

7 сәуірде Душанбедегі Исмоили Сомони аудандық соты Мамажонованы Тәжікстанда тыйым салынған Ислам өркендеу партиясы мен "24 топ" ұйымын қолдады деген айыппен алты жылға соттаған. Адвокат сот үкіміне наразы болғанымен, Шохида Мамажонова кассациялық арыз түсіруден бас тартқан.

Шохиданы биыл 3 ақпанда Вахдат қаласының милициясы ұстады. Содан бері ол тергеу изоляторында отырды.

Блогердің анасына қатысты сот үкімін жергілікті және шетел тұрғындары сынады. Бақылаушылар Шохида баласының үкіметке қарсы видеосы үшін жазаға тартылды деп есептейді. Билік мұны жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG