Ссылки доступа

Тәжікстан президентінің ұлы Түркіменстанда ресми сапармен жүр 


Сурет "Ховар" сайтынан алынды 
Сурет "Ховар" сайтынан алынды 

Тәжікстан парламентінің төрағасы, Душанбе қаласының әкімі, ең бастысы ел президентінің ұлы Рустам Эмомали тәжік үкіметін бастап Түркіменстанға ресми сапармен барды. 

Оның сапары Орталық Азияда бірінші рет билік әкеден балаға өткен елде өтіп жатыр. Гурбангулы Бердымухамедовтің ұлы Сердар 15 наурызда Түркіменстан басшысы қызметіне кіріскен. Сарапшылар бұл сценарий Тәжікстанда да қайталануы мүмкін екенін айтады.

Биыл наурыз айында ол Әзербайжанға ресми сапармен барып, ел президенті Ильхам Алиевпен кездескен. Айтпақшы ол да, 2003 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін, билікке келген.

XS
SM
MD
LG